Қытайда 5 мың жыл бұрын жерленген "билеушінің" қабірі табылды

0
204

17 метрлік қабірдің ішінен археологтар 350-ге жуық артефактілерді, соның ішінде яшма, керамика және піл сүйегінен жасалған заттарды тапты.


Қытайда 5 мың жыл бұрын жерленген

Сурет: pixabay

ERNUR.KZ. Қытайдың Хэнань провинциясындағы археологтар ежелгі қабірді тапты, деп жазады zakon.kz.

Қытайлық CCTV басылымының мәліметінше, археологиялық ескерткіштің 5 мың жылдық тарихы бар. Сарапшылар аталмыш жаңалық Қытай өркениетінің пайда болуы туралы жаңа деректерді ашуға көмектеседі деп санайды.

17 метрлік қабірдің ішінен археологтар 350-ге жуық артефактілерді, соның ішінде яшма, керамика және піл сүйегінен жасалған заттарды тапты.

Зерттеушілер бұл жерде жоғары мәртебелі адам жерленген деп болжайды. Оның ежелгі билеуші болуы да бек мүмкін.

Түркияда көпбалалы ер адам отбасын қырып тастап, артынан өзіне қол жұмсағаны белгілі болды.