Қытайда 5,9 балдық жер сілкінісі болды

0
600

Жерасты дүмпулер ошағы Тайвань аралының шығысында орналасқан Хуалянь уезінде орналасқан.


Қытайда 5,9 балдық жер сілкінісі болды

ERNUR.KZ. Жерасты дүмпулер Тайвань аралының барлық жерінде сезілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Сейсмологтар Тайвань аралының шығыс жағалауында 5,9 балдық жер сілкінісін дүйсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9:05-те тіркеді.

Жерасты дүмпулер ошағы Тайвань аралының шығысында орналасқан Хуалянь уезінде орналасқан. Оның тереңдігі - 10 км. Қытайлық БАҚ-тың жазуынша, жер сілкінісі бүкіл Тайвань аралында, сондай-ақ Тайвань бұғазының басқа жағалауындағы Фуцзянь және Чжэцзян провинцияларында сезілді.

Зардап шеккендер туралы ақпарат келіп түскен жоқ.