Зардап шеккендер бар.
ERNUR.KZ. Қытайдың Гуандун провинциясы Чжухай қаласындағы қонақүй маңында жарылыс болып, үш адам зардап шеккен, деп жазады tengrinews.kz.
Қытайдың Орталық телевизиясының мәліметінше, Бейжің уақыты бойынша таңғы сағат 9-да жергілікті өрт сөндіру қызметіне Чжухай қаласының Доумэнь ауданындағы қонақүйдің маңындағы жарылыс туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына 11 өрт сөндіру машинасы барған.
Басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта іздестіру-құтқару операциясы жалғасып жатыр, қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.
Жарылыстың себебі әлі анықталмады.