"Мақтан тұтты": Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған ең алғашқы ер адам қайтыс болды

0
800

Уильям Шекспир Pfizer вакцинасын 2020 жылдың желтоқсан айында салдырған.


ERNUR.KZ. Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған ең алғашқы ер адам - британдық Уильям Шекспир қайтыс болды, деп жазады Tengrinews.kz.

Daily Mail басылымының хабарлауынша, Шекспирдің өліміне коронавирустың қатысы жоқ. Ол инсульттен көз жұмған.

Уильям Шекспир Pfizer вакцинасын 2020 жылдың желтоқсан айында Coventry емханасында салдырады. Ал одан бұрын вакцина Маргарет Кенан есімді әйелге егіледі. Ол коронавирусқа қарсы вакцина салдырған әлемдегі ең алғаш әйел ретінде тарихта қалды.



81 жастағы қария инсульт алып, ауруханада қайтыс болды. Әйелінің айтуынша, күйеуі коронавирусқа қарсы вакцина салдырған ең алғашқы ер адам болғанын мақтаныш санаған.

"Ол ең бірінші болып вакцина салдырғанын мақтан тұтты. Жаңалықтарды қалт жібермей бақылап отыратын және адамдарды жаппай вакцина салдыруға шақырды", - дейді марқұмның әйелі.