Екі елдің көшбасшыларының кездесуі Халық өкілдері жиналысының үйінде өтіп жатыр. Келіссөздер қорытындысы бойынша бірнеше құжатқа қол қойылатыны айтылады.
Екі елдің көшбасшыларының кездесуі Халық өкілдері жиналысының үйінде өтіп жатыр. Келіссөздер қорытындысы бойынша бірнеше құжатқа қол қойылатыны айтылады.
Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстан Президентінің Бейжің қаласына келгені хабарланған болатын.
Сапар барысында ҚХР басшысы Си Цзиньпинмен, Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен, Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдерінің жиналысының Тұрақты комитетінің Төрағасы Ли Чжаньшумен жоғары деңгейдегі кездесулер өткізу, сондай-ақ Қазақстан мен Қытайдың іскер топтар өкілдерімен жүздесу және бірқатар екі жақты құжаттарға бірлесе қол қою жоспарланып отырғаны айтылған еді.