Өлі маса пәтерді тонаған ұрыны ұстауға көмектесті

0
1 047

Полицейлер Фуцзянь провинциясы, Фучжоу қаласындағы пәтер тонау дерегін тергеу кезінде ұрының ізіне түсе алған.


Өлі маса пәтерді тонаған ұрыны ұстауға көмектесті

ERNUR.KZ. Қытайда төрт пәтерді тонап кеткен ұры өлі масаның арқасында ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz.

Полицейлер Фуцзянь провинциясы, Фучжоу қаласындағы пәтер тонау дерегін тергеу кезінде ұрының ізіне түсе алған. Тоналған пәтерді тексеру кезінде тергеушілер қылмыскердің пәтерде қонғанын анықтаған.

Пәтерден кеспенің қалдықтары, жұмыртқаның қабығы мен маса ғана қолданылған заттар анықталды. Бұдан бөлек қабырғада өлген маса табылған.

Өлген масада қалған қан үлгілерін тексеріп, полицейлер ДНҚ-сараптасын жүргізген. Нәтижесінде бұрын сотталған Чай текті азаматтың ізіне түскен. 19 күн өткен соң ұры ұсталып, қамауға алынды. Әрі қарай тергеу кезінде қылмыскердің тағы үш пәтерді тонағаны белгілі болды.