Өзбекстанда киберспорт ресми түрде жеке спорт түрі ретінде бекітілді

0
552

2023 жылдан бастап бұл елде дәстүрлі киберспорт түрлері бойынша жыл сайын турнирлер мен чемпионаттар өткізіледі.


Өзбекстанда киберспорт ресми түрде жеке спорт түрі ретінде бекітілді

ERNUR.KZ. Өзбекстан президентінің «Киберспорт түрлерін одан әрі дамыту және кеңінен танымал ету жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулысы қабылданды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

UzDaily.uz ақпараттық порталының жазуынша, 2023 жылдан бастап Өзбекстанда дәстүрлі киберспорт түрлері бойынша жыл сайын жарыстар өткізіледі. Нақтырақ айтқанда, сәуір айында «Uzbekistan eSports Championship» республикалық чемпионаты, желтоқсан айында «Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинетінің кубогы» турнирі, маусым айында «Жастар кубогы» турнирі өтеді.

Сондай-ақ, Өзбекстанда киберспорт түрлерін одан әрі дамыту және кеңінен танымал ету жөніндегі ведомствоаралық кеңес құрылды, ол киберспорттағы «ping» проблемасын кезең-кезеңімен жоюды көздейді. Сонымен қатар, аталған спорт түрін танымал ету жөніндегі шаралар бағдарламасы бекітілді.

Өзбек мемлекеттік дене шынықтыру және спорт университетінде 2023/2024 оқу жылынан бастап «спорттық қызмет: киберспорт» бакалавриатының білім беру бағыты ашылады, бұл бағыт бойынша оқу мерзімі 3 жылға созылады.