Өзбекстанда көшеде бетін жауып жүргендерге айыппұл салынуы мүмкін

0
1 181

Бұған дейін Өзбекстанда бетін жапқандар мен некесін тек мешітте қиғандар жауапкершілікке тартылатыны айтылды.


Өзбекстанда көшеде бетін жауып жүргендерге айыппұл салынуы мүмкін

ERNUR.KZ. Өзбекстанда қоғамдық орындарда бетін жабатын киім кигендерге айыппұл салынуы мүмкін, деп жазады stan.kz.

Жаза 30 базалық есепке жетеді, бұл 380 000 теңгеден асады.

Никаб, паранджа, т.б. жеке басын анықтауға мүмкіндік бермейтін киіммен қоғамдық орында жүргендерге 15-тен 30-ға дейінгі базалық есептік шамада айыппұл салуға әкеп соғады", – делінген Өзбекстан әділет министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұл туралы Өзбекстан заңнамасына енгізілген түзетулерге ел президенті Шавкат Мирзиеев қол қойды.

Бұған дейін Өзбекстанда бетін жапқандар мен некесін тек мешітте қиғандар жауапкершілікке тартылатыны айтылды.