​Пхеньян тарихи саммиттен бас тартамыз деп қорқытуда

0
1 168

Ақ үй Оңтүстік Кореяда «арандатушылық әскери тәртіпсіздіктер» ұйымдастыруын тоқтатып, тарихи саммитке мұқият дайындалуы тиіс, деп хабалайды ERNUR.KZ


​Пхеньян тарихи саммиттен бас тартамыз деп қорқытуда

ERNUR.KZ

12 маусым күні Сингапурде Дональд Трамп пен Ким Чен Ын арасында өтетін саммиттен Пхеньян бас тартуы мүмкін. Олардың айтуынша, Ақ үй Оңтүстік Кореяда «арандатушылық әскери тәртіпсіздіктер» ұйымдастыруын тоқтатып, тарихи саммитке мұқият дайындалуы тиіс, деп жазады Baq.kz CNN басылымына сілтеме жасап.

Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.

Пхеньяндағы KCNA жергілікті ақпарат көзінің хабарлауынша, Солтүстік Корея Вашингтон-Сеул біріккен әскери оқу-жаттығуларына қарсы болғандықтан, Оңтүстік Кореямен арадағы келісімшарттарды уақытша тоқтатқан.

«Бізге оңтүстіккореялық БАҚ өкілдерінің есебі мәлім. АҚШ Солтүстік Корея жасаған мәлімдемелерге құлақ асып, одақтастармен де тығыз қарым-қатынас жүргізеді», - деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс.

Алайда шенеуніктер Ақ үйдің аталған елдерден алған хабарламалардан кейін ашуға булыққанын айтты. Мәселен, Мемлекеттік департамент шенеунігі Пхеньяннан келісімге қатысты соңғы кездері ешқандай есеп келмей кетті дейді.

Мемлекеттік департамент баспасөз хатшысы Хизер Науэрт АҚШ-Оңтүстік Корея біріккен әскери оқуларын жақтап, Ақ үйдің алдағы саммитке толықтай дайын екенін айтты. Яғни, саммиттен ешкім бас тартпайды деді.

«Біз әлі Оңтүстік Корея Үкіметінен осы әскери оқу-жаттығуларын жалғастырмау немесе саммитті өткізбеу туралы ұсыныстарды әлі естіген жоқпыз», - деді Науэрт.

Ол Ақ үй, Ұлттық қауіпсіздік кеңесі және Қорғаныс министрлігі өкілдерінің кездесіп жатқанын айтты. Журналистерге Вашингтон келісімнен бас тартпайды деді.

Ал демократияны жақтау қорының ғылыми қызметкері Энтони Руджероның сөзіне қарағанда, Солтүстік Кореяның әрбір әрекеті таң қалдыру сезімін тудырмайды. Ким Чен Ирдың кітабында жазылғандай, олар келісімге келгенде дипломатиялық серпіліс жасап, артынан Пхеньян бас тартып, кейіннен келісім орын алуы үшін өз талаптарын айтады.

«Трамп әкімшілігі Пхеньянның осы ақпаратты тарату арқылы өз талаптарын орындатуға әрекет жасап отырғандарын түсінуі тиіс. АҚШ Оңтүстік Кореядағы әскери оқуларын жалғастырып, Солтүстік Корея саммиттен бас тартса, қысым көрсетуі тиіс», - деді Руджеро.

Екі Корея мемлекетінің арасында сәрсенбі күні келісімшарттар қайта жасалуы тиіс болатын. Оңтүстік Корея Бірігу мәселесі бойынша министрлігі солтүстіккореялық әріптесі Ри Сон Гвоннан кездесуді кейінге шегеру туралы хабарлама алғанын айтады. Дегенмен, бұл хабарламаның мазмұны жасырын қалып отыр.

Пентагон (АҚШ Қорғаныс министрлігі) сейсенбі күні: «Корея Республикасы мен америкалық әскери күштер қазіргі таңда жыл сайын өткізіліп отырған екі ел арасындағы оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуде. Foal Eagle 2018 және Max Thunder 2018 оқу-жаттығу жұмыстары басталды» деген болатын. Бұл оқуға 2000 әскери қатысып жатыр.

«Бұл қорғаныс жаттығулары - жыл сайын АҚШ-Оңтүстік Корея арасында өткізілетін оқу бағдарламасының бір бөлшегі. Тренинг мақсаты – Вашингтон-Сеул Альянсының қабілетін арттыру, Оңтүстік Кореяны қорғау және дайындық жұмыстарын көрсету. Ондаған жылдар бойы өзгермеген оқу-жаттығу жұмыстары алдағы уақытта да өзгермейді», - деді Пентагонның баспасөз хатшысы, полковник Роб Мэннинг.

Еске сала кетейік, наурыз айында Ақ үйге сапар шеккен Оңтүстік Корея Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің ресми өкілі журналистерге Кимнің Трампты кездесуге шақырғанын мәлімдеп, оның «Оңтүстік Корея мен АҚШ арасындағы әскери оқу-жаттығу жұмыстарының тоқтатылмайтынын толық түсініп, қарсы келмейтінін» айтқан болатын.