Қостанайда бала магнит жұтып, қайтыс болды: дәрігерлерге қылмыстық іс қозғалды

0
591


Қостанайда бала магнит жұтып, қайтыс болды: дәрігерлерге қылмыстық іс қозғалды

ERNUR.KZ Рудныйда үш жасар бала 10 магнитті жұтып қойып, Қостанай облыстық балалар ауруханасына жеткізілгеннен кейін қайтыс болды. Бір айдан кейін дәрігерлерге қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы осы іспен айналысатын адвокат Дамир Хамитов Facebook-парақшасында жазды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Адвокаттың айтуынша, полицейлерде соталды тергеуді бастауға барлық негіз бар.

"Қостанай қаласының солтүстік полиция бөлімі 10 магнитті жұтып қойып, қайтыс болған кішкентай Сашаны қабылдаған дәрігерлерге қатысты Қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөлігі бойынша ЕҚДБ-да қылмыстық істі тіркеді. Енді тергеу сот-медициналық сараптама және фармацевтикалық бақылау комитетінің қорытындысы негізінде тиісті медициналық көмек көрсетпеген дәрігерлер тарапына жүргізіледі. Кінәлілер баланың өлімі үшін жазалануы керек", - деп жазды заңгер.

Дамир Хамитовтың мәліметінше, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті өлім дерегі бойынша тексеру жүргізген және медициналық көмек кезінде "баладағы өңештің бөгде денесі", "сепсис", "перитонит" диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамалары бұзылғанын анықтаған.