Porsche бұл шешімін Ресей мен Украина арасында қалыптасқан жағдаймен байланыстырды.
ERNUR.KZ. Немістің Porsche компаниясы Ресейге көлік жеткізуді тоқтататынын хабарлады. Бұл туралы Newsroom брендінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады stan.kz.
"Орын алған жағдайға байланысты компания автокөліктерін Ресейге жеткізуді жедел доғарды", - деп хабарланды.
Porsche бұл шешімін Ресей мен Украина арасында қалыптасқан жағдаймен байланыстырды.
Айта кетейік, Ресейдің 20 қаласында Porsche компаниясының 26 дилерлік орталығы бар. 2021 жылы РФ-ке бас-аяғы 6262 автокөлік жеткізілген. Олардың ішінде ең танымалы - Cayenne кроссовері. Ресейліктерге 3431 автокөлік сатылды. Екінші орында Macan кроссовері — 1413 көлік. Сондай-ақ, клиенттерге 911 моделіндегі 375 спорттық көлік берілген.
Бұған дейін, Apple компаниясының Ресейде жұмысын тоқтатқанын жазған едік.