Ресей астанасында пойыздар соқтығысты

0
655

Осы уақытта 5 адамның - машинист пен 4 жолаушының зардап шеккені білгілі.


Ресей астанасында пойыздар соқтығысты

ERNUR.KZ. Мәскеу метрополитетінің Люблинск-Дмитровск желісі бойынша «Печатники» метро стансасында екі пойыз соқтығысты, деп жазады inform.kz.

Осы уақытта 5 адамның - машинист пен 4 жолаушының зардап шеккені білгілі.

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері хабарламада пойыздардың соқтығысуынан кейін вагондардың арасына қысылып қалған техникалық пойыз машинисін құтқарып алғанын растады.

«Машинист орта деңгейде жарақат алды, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Өзгелеріне біршама зақым келген, олардың денсаулық жағдайлары қанағаттанарлық, өмірлеріне төніп тұрған қауіп жоқ. Жарақат алған 5 адам да ауруханаға жатқызылып, қосымша тексерулер жүргізіліп жатыр. Барлық қажетті көмектер көрсетілуде»,-деп хабарлады Мәскеу мэрі Сергей Собянин.

Пойыздар Мәскеу уақыты бойынша сағат 10:30-да соқтығысқан. Деподан жолаушысыз шыққан пойыз станцияда тұрған пойызды соққан.