Ресей Багам аралдарын арнайы тізіміне енгізді

0
801

Бұл шара Ұлыбританияның салған санкцияларын қолдағаны үшін қабылданған.


Ресей Багам аралдарын арнайы тізіміне енгізді

ERNUR.KZ. Ресей Үкіметі Багам аралдарын, сондай-ақ Гернси (Норман аралдары) және Мэн (Ұлыбритания иелігі) аралдарын Ресей Федерациясына, ресейлік компанияларға қарсы әрекеттер жасайтын шет мемлекеттер мен аумақтардың тізіміне енгізді, деп жазады inbusiness.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тиісті бұйрыққа Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин қол қойды.

Баяндамада Гернси және Ман аралдары Ұлыбританияның Ресейге салған санкцияларын қолдаған, ал Багам аралдары Ресей банкімен кез келген транзакцияға тыйым салғаны үшін аталған мемлекеттер тізіміне енгізілген.

Бұйрық Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 наурыздағы «Жекелеген шетелдік кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудың уақытша тәртібі туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында бекітілді