Ресей қауіпсіздік қызметі Пригожиннің көтерілісі бойынша қылмыстық істі тоқтатты

0
331

Пригожиннің өзі ЧВК әрекетін Мәскеуге 200 шақырым қалғанда тоқтатқанын айтқан.


Ресей қауіпсіздік қызметі Пригожиннің көтерілісі бойынша қылмыстық істі тоқтатты

ERNUR.KZ. Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметі 27 маусымдағы қарулы көтеріліске қатысты істің жабылғанын мәлімдеді. Бұл іс жеке құрамы Дондағы Ростов қаласын басып алып, Мәскеуді бетке алған Евгений Пригожинге қарсы ашылған еді, деп жазады stan.kz.

"Вагнер" жеке әскери компаниясының қарулы көтеріліс фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды”, – делінген ресейлік барлау қызметінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, арнайы қызмет 23 маусым, жұма күні кешке қарай РФ Қылмыстық кодексінің 279-бабы (қарулы көтеріліс) бойынша қозғалған істі тергеу барысында "24 маусымда тікелей қылмыс жасауға бағытталған әрекеттерін тоқтатқанын анықтаған”.

24 маусым күні кешке Беларусь президентінің баспасөз қызметі Пригожиннің Александр Лукашенконың "Ресей аумағында "Вагнер" компаниясының қарулы адамдарының қозғалысын тоқтату және шиеленісті бәсеңдету үшін одан әрі шаралар қабылдау туралы" ұсынысын қабылдағанын хабарлаған.

Пригожиннің өзі ЧВК әрекетін Мәскеуге 200 шақырым қалғанда тоқтатқанын айтқан. Сондай-ақ Пригожин мен оның жалдамалылары оңтүстік округтің штаб-пәтері мен қала орталығын бақылауға алып отырған Дондағы Ростовтан шығып кеткен.

Бүлік туралы іс вагнерліктердің өз әрекеттерін "тоқтатқанын" және кейбір "тергеу үшін маңызды басқа да жағдайларды" ескере отырып, тоқтатылды", – дейді қауіпсіздік қызметі.

"Вагнер" ЧВК негізін қалаушыға қатысты іс тоқтатылатыны туралы Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков сенбі күні кешке хабарлаған. Бірақ кейбір БАҚ Пригожиннің үстінен қозғалған істің тоқтатылмағанын жазған.

Сонымен қатар Ресей қорғаныс министрлігі ЧВК ауыр техникасын армия бөлімшелеріне беруге дайындық жүріп жатқанын хабарлады.