Ресейде бүгіннен бастап Visa және Mastercard төлем карталары жұмысын тоқтатты

0
643

Visa және Mastercard карталары бойынша трансшекаралық операциялар қолжетімсіз.


Ресейде бүгіннен бастап Visa және Mastercard төлем карталары жұмысын тоқтатты

ERNUR.KZ. 10 наурыздан бастап Ресейде Visa және Mastercard халықаралық төлем жүйелерінің карталары РФ-те жұмысын тоқтатады, деп жазады ҚазАқпарат.

Visa және Mastercard карталары бойынша трансшекаралық операциялар қолжетімсіз.

Бұған дейін хабарланғандай «Ресей банктері шығарған Visa және Mastercard халықаралық төлем жүйелерінің бүкіл карталары олардың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін Ресей аумағында қалыпты режимде жұмыс істей береді. Олар бойынша операциялар ел ішінде Төлем карталарының ұлттық жүйесінде жүзеге асырылады және оларға санкция ықпал етпейді. Осы карталарға байланған шоттағы қаражат толық сақталады және кез келген уақытта қолжетімді», - деді Ресейдің орталық банкі.