Ресейде коронавирус жұқтырғандардың саны артты

0
828

Кейінгі 3 жылда Ресей халқының жартысы коронавируспен ауырған.


Ресейде коронавирус жұқтырғандардың саны артты

ERNUR.KZ. Ресейдің 31 өңірінде коронавирус жұқтырғандардың саны артты. Бір күнде 11 мыңнан астам адамнан індет анықталған. Дәрігерлердің дерегінше, соңғы 1 аптада науқас саны 20 пайызға өскен. Тұтынушылар құқығын қорғау федералдық қызметі күзде науқастар көбеюі мүмкін деген болжам жасап отыр, деп жазады zakon.kz.

Дерекке сүйенсек, кейінгі 3 жылда Ресей халқының жартысы коронавируспен ауырған. Бүгінгі күні көрші елде індетке қарсы 10-нан астам вакцина шығарылады.

"Коронавирус ұлттық екпе тізіміне кіргізілді. Бізде індет күшейіп, қайта пандемия болады деген мәлімет жоқ. Бірақ науқастар саны артуы мүмкін. Себебі, коронавирусты жұқтыру деректері әлі де бар. Егер жағдай өзгеріп жатса ревакциналауды қарастыратын боламыз", - дейді Геннадий Онищенко, дәрігер-эпидемиолог.