Федералдық әуе көлігі агенттігінің мәліметінше, ұшақта 22 адам болған.
ERNUR.KZ. Камчаткада «Витязь-Аэро» әуе компаниясының Ми-8 тікұшағы жоғалып кетті, деп жазады kaz.inform.kz.
«Камчаткада «Витязь-Аэро» әуе компаниясының Ми-8 тікұшағы діттеген жеріне келмеді деген хабар түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, бортта үш экипаж мүшесі бар», - деп хабарлады ТАСС ақпарат көзіне.
Оның айтуынша, тікұшақты іздеу үшін әуе компаниясының тағы бір ұшағы көтерілген, тағы бір Ми-8 тікұшағы мен жердегі құтқару тобы бағыт бойынша жүруге дайын.
«Жоғалған тікұшақ Вачкажец жанартауы – Николаевка ауылы бағытымен жүрді. Қашықтық 25 шақырым», - деп атап өтті жедел қызмет өкілі.
Федералдық әуе көлігі агенттігінің мәліметінше, ұшақта 22 адам болған.
«Камчатка өлкесінде «Витязь-Аэро» әуе компаниясының Ми-8Т тікұшағын іздеу жұмыстары жүріп жатыр. <…> Тікұшақтың бортында алдын ала мәлімет бойынша 22 адам: 3 экипаж мүшесі және 19 жолаушы бар», - делінген хабарламада.