Ресейде науқастардан коронавирустың жаңа түрі табылды

0
938

​Дәрігерлер Мәскеуде коронавирус жұқтырған бес пациенттен «Кентавр» деген кіші түрін тапты.


Ресейде науқастардан коронавирустың жаңа түрі табылды

ERNUR.KZ. Барлық науқастарда ауру жеңіл түрде өтіп жатыр. Науқастар арасында ауруханаға жатқызылғандар жоқ, деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәліметтеріне қарағанда, соңғы екі аптада Ресейде анықталған коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайларының ішінде «Омикронның» кіші түрлері - BA.4 және BA.5 штамдарының үлесі 51,76%-ке жетті. Омикрон штамының өзі 1,85%-інде, Дельта нұсқасы 0,73%-інде анықталған.

«Кентавр» - коронавирустың «омикрон» штамының жаңа кіші түрі. Бұл коронавирустық мутация Үндістанда және кем дегенде он елде, соның ішінде Нидерланды, Австралия, Германия, Ұлыбритания, АҚШ және Канадада табылды.

Аққулар коронавирусын жұқтыру жағдайы алғаш рет Қытайдағы Цзянси провинциясында тіркелді.

АҚШ биология ғылымдарының докторы құстардағы коронавирусты анықтау COVID-19-да одан да қауіпті мутацияға әкелуі мүмкін деп ескертті.

«Сонымен қатар, қоныс аударатын құстардың өмір салтына байланысты аққулар қысқа мерзімде бұл мутациялардың кең қашықтыққа таралуына ықпал етуі мүмкін. Ғалымдар коронавирус инфекциясынан қорғанудың жалғыз әдісі - вакцинация екенін айтады»,-делінген хабарламада.