Террорлар шабуыл жасау барысында төрт тұтқынды өлтірді.
ERNUR.KZ. Ресейдің Волгоград облысында ИК-19 түрмесін басып алу кезінде сегіз адам қаза тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Террорлар шабуыл жасау барысында төрт тұтқынды өлтірді. Қаза болғандардың басы тесіліп, қолы артына байланған.
Сол сияқты түзеу колониясының үш қызметкері қаза тапты. Ал төртінші қызметкері кейінірек алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды.
Колонияны басып алу кезінде террористерді есептемегенде барлығы сегіз адам қаза тапты: түзеу мекемесінің төрт қызметкері және төрт сотталушы. Түзеу мекемесінде сотталғандардың қайтыс болғаны туралы ресми хабарланған жоқ.