Ресейдегі жағдай: Қарулы төңкеріс ұйымдастырды деп айыпталған Пригожин Ростов пен Воронежді бақылауға алғанын мәлімдеді

0
693

Ал Мәскеу мен Мәскеу облысы, Воронежде теракттің алдын алу үшін контртеррористік операциялар режимі енгізілді.


Ресейдегі жағдай: Қарулы төңкеріс ұйымдастырды деп айыпталған Пригожин Ростов пен Воронежді бақылауға алғанын мәлімдеді

ERNUR.KZ. "Вагнер" жеке әскери компаниясының жетекшісі Евгений Пригожин Ростовты бақылауына алғанын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

БАҚ-та жарияланған видеодан Пригожин мен қорғаныс министрінің орынбасары Юнуус-Бек Евкуровпен келіссөз жүргізіп жатқанын көруге болады.

"Біз осында келдік. Бізге Бас штаб басшысы мен Шойгу (ред. қорғаныс министрі) керек. Әзірге олар жоқ. Сондықтан Ростовты қоршауға алып, Мәскеуге аттанамыз", – дейді Пригожин.

Сондай-ақ Евгений Пригожин Ростовтағы барлық әскери нысандарды бақылауына алғанын хабарлады. Сөзінше, әскердің жартысы "оның артынан еруге әзір".

Көп ұзамай "Вагнер" әскери компаниясының баспасөз қызметі Воронеждегі әскери нысандардың да бақылауға өткенін мәлімдеді.
Ал Ресейдің қорғаныс министрлігі "Вагнер" құрамындағы сарбаздағы үндеу жолдады.

"Сендерді алдап Пригожиннің қарулы төңкерісіне қосып алды. Көп жолдастарың өз қателігін мойындап, қауіпсіз орынға жіберуді сұрады. Мұндай көмек барлық әскер мен командирлерге көрсетілді. Ақылға келіп, қорғаныс министрлігінің немесе құқық қорғау органы өкілдеріне келулеріңді сұраймыз", – делінген ақпаратта.

Ал Мәскеу мен Мәскеу облысы, Воронежде теракттің алдын алу үшін контртеррористік операциялар режимі енгізілді.

Еске салайық, “Вагнер” жеке әскери компаниясының жетекшісі Евгений Пригожин Ресейдің қорғаныс министрлігі әскерилерге соққы жасағанын мәлімдеген еді. Кейін Пригожин Ресейде “әділдік маршын” өткізетінін хабарлады.

“Вагнер” жетекшісінің мәлімдемесінен кейін Ресей билігі әскери төңкеріс дерегіне байланысты қылмыстық іс қозғады. Ал БАҚ беттерінде “Вагнер” әскерінің Ростов аймағында байқалғанын жазды.

Көп ұзамай Мәскеуде антитеррористік шаралар басталды. Қала мэрі Сергей Собянин жолдарда қосымша бақылау енгізіліп, жаппай іс-шараларға шектеу енгізілетінін хабарлады.