Ресейден кетіп қалған Максим Галкин алғаш рет Израильден байланысқа шықты

0
646

Шоумен наурыздың басынан бері әлеуметтік желілерді жүргізуді, оқырмандарымен өз өміріндегі оқиғаларды бөлісуді тоқтатты.


Ресейден кетіп қалған Максим Галкин алғаш рет Израильден байланысқа шықты

ERNUR.KZ. Бір ай бұрын әйелі Алла Пугачевамен және балаларымен Израильге көшіп кеткен ресейлік әзілкеш әрі тележүргізуші Максим Галкин алғаш рет Instagram-парақшасында байланысқа шықты, деп жазады Tengrinews.kz.

Шоумен наурыздың басынан бері әлеуметтік желілерді жүргізуді, оқырмандарымен өз өміріндегі оқиғаларды бөлісуді тоқтатты. Желіде ерлі-зайыпты Мәскеуге оралғысы келмейтіні, азаматтығын өзгертуді жоспарлап отырғаны туралы қауесет тарай бастады.

Осы ақпараттарға пікір білдіру үшін әзілкеш видео жариялады. Ол әлеуметтік желілерде әзірше жаңа видеолар күтудің қажеті жоғын айтты.

"Құрметті оқырмандарым балалармен күлкілі видеолар жүктеп, әлеуметтік желілерді бұрынғыдай жүргізуімді сұрайды. Бұлай жасаудың ешқандай рухани және моральдық мүмкіндігін көріп тұрған жоқпын. Сондықтан әлеуметтік желілерім бұрынғыдай, 24 ақпанға дейінгідей болмайды", - деді Галкин.

"Мен, менің отбасым туралы барлық қауесетке, хайпқа, жағымсыз ақпаратқа келетін болсақ, таңертең кеңес газеттерін оқымаңыздар, дер едім. Мұның бәрі бос сөз, оған жауап берудің керегі жоқ деп санаймын. Түсінгендеріңізге рақмет", - деді ол.


Сондай-ақ, ол Stories-те маусымда өтетін концерттері туралы ақпаратты жариялады. Бірақ олар Израильде өтеді.

24 ақпанда Максим Галкин Украинадағы қақтығыс туралы пікір білдірді.

"Не сезінетінімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес! Қалай? Соғысты ақтайтындай себеп жоқ!" - деп жазды ол Instagram-да.

Галкин өз ұстанымын айтқаннан кейін федералды телеарналар әзілкеш түскен "Уралсиб" банкінің жарнамасын эфирден алып тастаған. Сонымен қатар, әртістің Ресейдің түрлі қаласындағы концерттері тоқтатылған.