Автобуста 46 қазақстандық болған.
ERNUR.KZ. Новосібір-Қазақстан бағытына қатынайтын автобус апатқа ұшырады, деп жазады "Вечерний курьер" порталы.
Оқиға Коченовский ауданында «П-254» федералдық тас жолының 1,368 км-де болған. Автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, жағаға құлап түскен. Автобуста 46 қазақстандық болған. Оның 6-уы апаттан зардап шеккен.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер, жолаушылар мен аудан әкімшілігінің өкілдері келді. 9 техника тартылды.
Зардап шеккендер Коченев ауданының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Қалған жолаушылар «Актин» кафе-қонақ үйіне орналастырылды.