Украина қарулы күштерінің шабуылдау әрекеті тежелді.
ERNUR.KZ. Ресей әскери-ғарыш күштерінің ұшақтары Украина Қарулы күштерінің Қырымдағы Тарханкут мүйісінің жанында үш гидроциклдегі және бір жылдам жүретін қайықтағы десантты түсіру әрекетін тежеді, деп жазады sputnik.kz.
Ведомствоның мәліметінше, 4 қазанға қараған түні Киев режимінің Ресей аумағындағы нысандарға лаңкестік әрекет жасаудың кезекті әрекетінің жолы кесілді.
"Қара теңіз акваториясының солтүстік-батыс бөлігінде Ресей әскери-ғарыш күштері ұшақтарының әрекетімен Тарханкут мүйісі бағытына бет алған Украина Қарулы күштерінің үш гидроцикл және бір жылдам жүретін қайық мінген десанттық тобының Қырым аумағына ену әрекеті тоқтатылды", - деп хабарлады ведомстводағылар.
Сонымен қатар ресейлік қорғаныс министрлігіндегілер Ресейдің үш облысының аспанында Украинаның 31 пилотсыз ұшатын аппараты атып түсірілгенін хабарлады.
Ресми ақпаратқа сәйкес, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні Белгород, Брянск және Курск облыстарының аспанында пилотсыз ұшатын аппараттарды атып түсірді.
"4 қазанға қараған түні Киев режимінің Ресей Федерациясының аумағындағы нысандарға террористік шабуыл жасау әрекеті тоқтатылды. Белгород, Брянск және Курск облыстарының аумағында кезекші әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері украиналық ұшақ үлгісіндегі 31 дана пилотсыз ұшатын аппаратты анықтап, оны жойды", - деп хабарлады ведомстводағылар.