Бұған дейін орталықтың бас ғылыми қызметкері ресейлік НИОХ-14 препараты медициналық тәжірибеге енгізілгеннен кейін құрамына маймыл шешегі вирусы кіретін кез келген ортопоксвирусқа қарсы тиімді болады деп айтқан болатын.
ERNUR.KZ. НИОХ-14 клиникаға дейінгі сынақтардың барлық кезеңдерінен және еріктілерге клиникалық зерттеулердің бірінші кезеңінен сәтті өтті, деп жазады inbusiness.kz.
"НИОХ-14 әрекет ету принципі бойынша ингибиторларға жатады. Бұл заттар қабылдаушы жасуша компоненттерінен вирус қабығының пайда болуын тежейді, арнайы ақуызды "құлыптайды", онымен байланысады және вирустың бүкіл құрылымының жұмысын бұзады",- деп жазылған арнада.