Танысын шегемен ұрып өлтірген ер адам жұрттың жағасын ұстатты (видео)

0
662

Видеоны түсіріп, оны әлеуметтік желіде таратқан "оператор" 7 тәулікке қамалды.


Танысын шегемен ұрып өлтірген ер адам жұрттың жағасын ұстатты (видео)

ERNUR.KZ. 6 мамыр күні әлеуметтік желіде ер адамның танысын шегемен өлтірген сәтінің видеосы тарады. Өзбекстанның құқық қорғау органдары аталған оқиға бойынша тергеу тергеу амалдары басталғанын жеткізді, деп жазады upl.uz.

Тергеу жұмыстары нәтижесінде оқиғаның Самарқанд облысында түсірілгені анықталды.

Екі ер адам алкогольді ішімдік ішкен соң сөзге келіп, бір-бірімен төбелесіп қалады. Олардың бірі құрылыс дүкенінен ұзындығы 15 см шеге алып, танысының көкірек тұсынан сұғып алады. Кейін шегені қолы мен аяғы, басына тығады.

Жарақан алған ер кісі облыстық ауруханаға жеткізілген. Алайда ол ауыр жарақаттың салдарынан жансақтау бөлімінде қайтыс болғаны анықталған.

Қазіргі уақытта аталған фактінің негізінде қылмыстық іс (қасақана адам өлтіру) қозғалғаны және видеоны түсіріп, кейін оны әлеуметтік желіде жариялаған "оператор" 7 тәулікке қамалғаны хабарланған.




Оқи отырыңыз: "Өлгеніне 26 жыл болған": Тиктокерлер хайп үшін қабір аша бастады (видео)