Шерзаттың ісі бойынша сот: адамдарға оқ жаудырған кім

0
187

Мылтық ұстаған адам 2-3 рет оқ атқан. Оның біріншісін жоғарыға, қалғанын адамдарға қаратып атқан.


Шерзаттың ісі бойынша сот: адамдарға оқ жаудырған кім

фото: Sputnik

ERNUR.KZ. Куәгер Эльмира Нұрбекова Шерзат қаза болған күні мылтықты кім алып шыққанын, оны кімге көздегенін айтты, деп жазады sputnik.kz.
Мылтықты сұр күрте, қара шалбар киген баланың қолынан көрдім. Ол бес қабатты үй жақтан жүгіріп келді, дейді куәгер.
Оның айтуынша, мылтық ұстаған адам 2-3 рет оқ атқан. Оның біріншісін жоғарыға, қалған оқты адамдарға қаратып атқан.
"Мен бұл кезде ешкімнің қолынан пышақ көрмедім. Абзалдың ұрғанын көрдім, бірақ пышақ болды ма, жоқ па білмеймін", - дейді куәгер Нұрбекова.
Айта кетері, Эльмира Нұрбекова – оқиға болған күні төбелескендермен бірге дәмханада отырған екі қыздың бірі.
"Бірнеше адам жабылып біреуді ұрып жатқанын көрдім. Жүгіріп барып "қойыңдар" деп бір жігіттің күрткесінен артқа тарттым. Сол кезде жерде соққы жеп жатқан сұр күрте, қара шалбар киген баланың бетін көріп қалдым. Ол қимылсыз, дыбысы шықпай жатты. Бұрын-соңды мұндай жайтты басымнан кешпеген едім, мен қатты шошып кетіп, дымым шықпай қалды. Бір уақытта қолымнан біреу сүйрей бастады, кім екені есімде жоқ", - дейді Нұрбекова.
Куәгер сотталушы Абзалдың да сол жатқан адамды қалай ұрғанын айтып берді. Ол жалпы төбелесті толық сипаттап айта алмайтынын, әйелдер шулап келгенде ғана мән бере бастағанын айтты.