Ер адам Кардиология мен неврология орталығына келіп, тұмау жұқтырған соң ентігіп қалатынын айтыпты.
ERNUR.KZ. Ресейдің Киров облысында бірнеше жыл тісжегіні емдемеген ер адам жүрек бұлшық етінің қабынуы диагнозымен ауруханаға жатқызылды, деп жазады Stan.kz
Ер адам Кардиология мен неврология орталығына келіп, тұмау жұқтырған соң ентігіп қалатынын айтыпты. Тексерістен соң ер адамда ауыр жүрек жетіспеушілігі және жүрек құлақшасының қабынуы диагнозы қойылған.
Дәрігерлер мұның себебін іздеп, 40 жастағы азаматтың бірнеше жылдан бері тісжегіге назар аудармай келгенін анықтапты.
Тіс дәрігерлері тістерді алып тастағанымен, жүрек дерті жазылмаған. Сондықтан ота жасауға тура келген.