Кристин Давуд күйеуі мен ұлын соңғы рет 18 маусымда көріпті.
ERNUR.KZ. The New York Times басылымы "Титан" батискафында көз жұмған бизнесменнің жұбайы және 19 жастағы ұлдарының анасы Кристин Давудтің сөзін негізге ала отырып, қайғылы оқиғаға дейінгі жағдайды суреттеп берді, - деп жазады Tengritravel.kz.
Дайындық кезеңі
Кристин Давуд күйеуі мен ұлын соңғы рет 18 маусымда көріпті. Ол демеуші кемеден батискафтың суға қалай сүңгіп жатқанын бақылап тұрған.
Оның 19 жастағы ұлы Сулейман өзімен бірге Рубик кубын, ал ер адамда Nikon фотоаппаратын алыпты, ол илюминатор арқылы су түбін суретке түсіргісі келген екен.
"Ол таң қайырлы еді", - дейді Кристин Давуд.
"Титан" жолаушыларына Атнлантикалық мұхит түбіндегі "Титаник" қалдықтарына экспедицияға аттанарда сүйікті музыкасын тыңдауға кеңес берілген. Ал теңіз түбіне түскенде тас қараңғы болатыны ескертілген.
Байланыстың үзілуі
Accident NovyiNi басылымының жазуынша, сол күні-ақ әйел адам "Титанмен" байланыс үзілгенін естіген. Батсикафты суға түсірген мамандар егер байланыс бір сағатта қалпына келмесе, "Титан" жүкті тастап, су бетіне қайта шығу керегін айтқан екен.
Ал кешкісін "Титан" қайда және онымен не болғанын ешкім білмейтін болып шықты.
"Титан" бортында кім болды
48 жастағы британдық әрі пакістандық бизнесмен, Engro Corporation вице-басшысы Шахзада Давуд;
оның 19 жастағы ұлы, Стратклайд университетінің студенті Сулеман Давуд;
77 жастағы франциялық ғалым және "Титаник" апатын зерттеу бойынша әлемдік атағы бар маман;
58 жастағы Гэмиш Гардинг, британиялық әуе компаниясының жетекшісі;
61 жастағы Стоктон Раш, OceanGate негізін қалаушы әрі басшысы.
Батискафқа мінгендер "миссия мамандары" болғандықтан, OceanGate компаниясының өкілдері оларды "клинет", "жолаушы" немесе "турист" деп атамауды сұрапты.