Бұған дейін мұндай ереже тек 6 жастан аспаған балалар үшін ғана жарамды болатын.
ERNUR.KZ. Түркияға кіру үшін жасы 12-ге толмаған балалар ПТР-тестінің теріс нәтижесін немесе антиген-тестіні көрсетпейді, деп жазады 24.kz.
Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының хабарлауынша, жеткіншектер аталған міндеттен құтылды.
Бұған дейін мұндай ереже тек 6 жастан аспаған балалар үшін ғана жарамды болатын. Жаңа талап 30 қыркүйекке дейін күшінде болады. Бұл мерзімді әрі қарай ұзарту мәселесін Түркияның Азаматтық авиация басқармасы қарастырады.