Түсік жасатуға қарсы күресіп жүрген адам 13 жастағы қызын зорлап тастады

0
2 212

Айыпталушы сот шешімімен келіспей, үкімге шағымданатынын мәлімдеді.


Түсік жасатуға қарсы күресіп жүрген адам 13 жастағы қызын зорлап тастады

ERNUR.KZ. Ресейдің Новосибирск қаласының тұрғыны кәмелетке толмаған қызын зорлағаны үшін 13 жылға сотталды, деп жазады sputniknews.kz.

Тергеушілердің айтуынша, ер адам қызын 13 жасында азғындыққа итермелеген. Қыз ешкім сенбей қоя ма деп қорқып, бірнеше жыл бойы іштен тынып келген. Ал әжесі немеремді анасы өтірік айтуға итермеледі дейді.

Ер адам туу көрсеткішін жақсартуды және саламатты өмір салтын ұстануды белсенді түрде қолдап жүргені белгілі болды.

"Максим мен біздің отбасымыздың ерікті қызметін көп адам көрді. Ол абортқа қарсы қозғалысқа қатысып, адамгершілік, адалдық секілді құндылықтарды нығайтуға күш салды (...).Ол әкесіне жала жауып отыр. Мұны әкесі мен бізді құртып жібергісі келетін анасы үшін жасап отыр", - дейді қыздың әжесі.

Айыпталушы сот шешімімен келіспей, үкімге шағымданатынын мәлімдеді.