Украина қару-жарақ сатып алу үшін Австралиядан 3 млн доллар алады

0
645

Қаражат НАТО арқылы жіберіледі.


Украина қару-жарақ сатып алу үшін Австралиядан 3 млн доллар алады

ERNUR.KZ. Украина қару-жарақ және дәрі-дәрмек сатып алу үшін қаржылай көмек ретінде Австралиядан $3 млн алады. Бұл туралы ел премьер-министрі Скотт Моррисон мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

"Шұғыл шара ретінде Австралия НАТО арқылы Украинаға қару-жарақ пен дәрі-дәрмектерді сатып алу және жеткізу, сондай-ақ осы елге қаржылай көмек көрсету үшін шамамен 3 миллион доллар жібереді. Украинаға әскери техникалар мен қару-жарақтарды беру тәртібі НАТО-дағы серіктестермен және одақтастармен талқыланып, Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританиядағы әріптестермен арадағы келіссөздер аяқталғаннан кейін айтылады", – деді премьер-министр.

Моррисон географиялық қашықтыққа және басқа жағдайларға байланысты Австралия Украинаға АҚШ пен Ұлыбритания сияқты айтарлықтай көмек көрсете алмайтындығын айтты.

Бұған дейін Австралия премьер-министрі Украинаға гуманитарлық көмек көрсетіліп, туристік және отбасылық визаларды беру рәсімін жеделдету уәде еткен болатын.