Украина президенті Батыс елдерінен көмек сұрады

0
514

​Бүгінде Ресей әскері ел астанасын бомбалап жатыр.


Украина президенті Батыс елдерінен көмек сұрады

ERNUR.KZ. Украина Президенті Владимир Зеленский Бухарест тоғыздығынан (Болгария, Венгрия, Эстония, Литва, Латвия, Польша, Румыния, Словакия, Чехия) Киевтің қорғанысына көмек көрсетуді сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бұл мәселені Польша президенті Анджей Дудамен талқыладым. Бухарест тоғыздығынан қорғанысқа көмек көрсетуді, аргессорға санкция салуды, қысым жасауды сұрадым. Бірлесі Ресейді келіссөз үстеліне отырғызуымыз керек", – деп жазды Владимир Зеленский Twitter-де.

Ол Украинаға соғысқа қарсы коалиция керек екенін атап өтті. БАҚ мәліметінше, Ресей әскері Украина астанасы Киевті бомболап жатыр.