Украинада төтенше жағдай режимі енгізіледі

0
736

​Украина Қауіпсіздік кеңесінің шешімін Жоғарғы Рада мақұлдауы керек. Бұл жағдайда елде 30 күнге төтенше жағдай режимі енгізіледі, кейін ұзартылуы мүмкін.


Украинада төтенше жағдай режимі енгізіледі

ERNUR.KZ. Украинада төтенше жағдай енгізіледі. Мұндай шешімді елдің ұлттық қауіпсіздік және Қорғаныс кеңесі қабылдады. Енді шешімді Жоғарғы Рада мақұлдауы керек, деп жазады sputnik.kz.

Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі Донецк және Луганск облыстарын қоспағанда, бүкіл Украинада төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдады. Төтенше жағдайды 30 күнге енгізу жоспарланған, ол 60 күнге дейін ұзартылуы мүмкін.
Қазірдің өзінде резервте тұрған 36 мың адам Украина армиясына шақырылуда. Сондай-ақ, Украинаның Жоғарғы Радасы ел аумағында қаруды еркін иеленуге мүмкіндік беретін заңды бірінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Газета.ru.
"Мемлекет азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға әлі қабілетті емес екенін ескере отырып, азаматтардың атыс қаруын иеленуі қылмыскерлердің маңызды бөлігі үшін шешуші фактор болады", - делінген түсіндірме жазбада.
Парламентшілер жобаны екінші оқылымға дайындау мерзімін қысқарту туралы ұсынысты қолдады. Мақұлданған жағдайда заң бекітіледі.
Еске салсақ, соңғы күндері Украина мен өзін-өзі республика деп жариялаған ДХР мен ЛХР арасындағы жағдай күрт нашарлады. 21 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин ол екеуінің егемендігін мойындап, тиісті жарлықтарға қол қойды.