Hindustan Times басылымының жазуынша, бірнеше адам ғимараттың ішінен шыға алмай қалған.
ERNUR.KZ. Үндістанның оңтүстігіндегі Хайдарабад қаласында жарылыс болып, салдарынан кем дегенде 11 жұмысшы ауруханаға жатқызылған, деп жазады ҚазАқпарат.
Hindustan Times басылымының билік өкілдеріне сілтеме жасап жазуынша, тағы бірнеше адам ғимараттың ішінен шыға алмай қалған.
Жарылыстың неден болғаны әзірге белгісіз.