Ыстамбұлда жер сілкінді

0
125

Жер сілкінісінен соң магнитудасы 6 балға жеткен тағы бір дүмпу тіркелді.


Ыстамбұлда жер сілкінді

ERNUR.KZ. Түркияда қуатты жер сілкінісі болды, деп жазады baq.kz.

Ыстамбұлдағы Силиври жағалауында магнитудасы 3,9 болған жер сілкінісінен соң магнитудасы 6,2-ге жеткен екінші жер сілкінісі орын алған. 10 секунд бойы сезілген жер сілкінісі жұрттың үрейін ұшырды.

Төтенше жағдайлар мен табиғи апаттар бойынша басқарманың (AFAD) сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, Ыстанбұлдың Силиври ауданындағы Мәрмәр теңізінің жағалауында 3,9 балды құраған жерасты дүмпуі тіркелген.

Сондай-ақ жер сілкінісі көрші провинцияларда да сезілген.

AFAD және барлық жауапты мекемелер жер сілкінісіне байланысты тексеру жұмыстарын бастады, - деп мәлімдеді елдің ішкі істер министрі Ерликая.

Силивридегі жер сілкінісінен соң магнитудасы 6 балға жеткен тағы бір дүмпу тіркелді.