Ыстықкөлден қайтып келе жатқан екі қазақстандық жол апатынан көз жұмды

0
577

Бұған дейін екі көлік соқтығысты деген болжам айтылған болатын.


Ыстықкөлден қайтып келе жатқан екі қазақстандық жол апатынан көз жұмды

ERNUR.KZ. Ыстықкөлде қазақстандықтар жол апатына түсіп, екі адам қаза болды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Апат бір күн бұрын Шырпықты және Тору-айғыр ауылдары арасында болған. Екі адам оқиға орнында жан тапсырды, екеуі ауруханаға жеткізілді.
Қырғызстан полициясының мәліметінше, қаза тапқандардың Қара-балтада туыстары болған. Олар бірге үш көлікпен Ыстықкөлге демалуға барған. Қайтып келе жатқанда жолдың ортасында Opel көлігінің дөңгелегі жарылған. Жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған.
Куәгерлердің айтуынша, көлік аударылып, жолдан шығып кеткен. Ішінде жеті адам болған.
Бұған дейін екі көлік соқтығысты деген болжам айтылған болатын.