Жапонияда қатты жер сілкінісі болды (видео)

0
989

Екі адам қаза тауып, 90 шақты жарақат алғандар бар.


Жапонияда қатты жер сілкінісі болды (видео)

ERNUR.KZ. 16 наурызда Жапонияның солтүстік-шығысында жергілікті уақыт бойынша сағат 23.36-да қатты жер сілкінісі болды. Оның магнитудасы бастапқыда 7,3 деп есептелсе, кейін 7,4-ке жеткен. Оқиға Фукусима префектурасына жақын Тынық мұхитында 57 шақырым тереңдікте болған, деп жазады Stan.kz.

Элемент екі миллионға жуық үйдің тұрғындарын электр жарығынсыз қалдырған. Оның 700 мыңы Токиода. Қазіргі уақытта электр қуатын беру қалпына келтірілді. Ивате, Мияги және Фукусима префектураларында төрт мыңнан астам үй шаруашылықтары сусыз қалды.

Метеорологтар 11 жыл бұрынғы толқыннан атом электр станциясына қатты зақым келгенін айтты. Кейінгі болған жер сілкінісінен кейін Мияги және Фукусима провинцияларында цунами қаупі барын хабарлады. Алайда бірнеше сағаттан бұл қауіп толығымен жойылды. "Фукусима-1" АЭС аймағында радиациялық фон жоғарыламады.

Жерасты дүмпулері салдарынан Мияги префектурасында тас жол төсемі опырылып бүлінген. Фукусима префектурасында аз қабатты тұрғын үй құлады. Жер сілкінісі салдарынан Фукусима мен Широишизао станциялары арасындағы учаскеде жүрдек пойыз рельстен шығып кетті. Пойызда 96 жолаушы болған. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.