Жапонияның метеорологиялық агенттігі биіктігі 3 метрге дейін цунами қаупі туралы ескерту жариялады.
Оңтүстік Тынық мұхиты Тонга аралындағы Хунга Хаапай жанартауының атқылауынан кейін цунами қаупіне байланысты Жапонияның сегіз аймағында 230 мың адамды эвакуацияланады, деп хабарлайды ERNUR.KZ РИА Новости - ге сілтеме жасап.
Жапонияның метеорологиялық агенттігі биіктігі 3 метрге дейін цунами қаупі туралы ескерту жариялады. Кейбір аймақтарда бір метрге жуық толқындар тіркелген.
Цунами қаупі Америкалық Самоа мемлекетінде де жарияланды. Онда үлкен толқындардың салдарынан Савай аралының оңтүстік жағындағы ауылдардан жүзден астам отбасы эвакуацияланған. Кейінірек елдің батыс жағалауында орналасқан Америка штаттары Тонга жанартауының атқылауынан цунами соғуы мүмкін екенін ескертті.