Бұл ырым ба, әлде...
Әрбір ананың арманы, тілегі балаларының бақытына куә болып, қызығына бөлену. Ұлдарын үйлендіріп, қыздарын ұзатқан ананың ендігі жауапкершілігі бұрынғысынан да арта түспек. Енді «АНА» деген атқа «ЕНЕ» деген атақ қосылады.
Ененің атқаратын міндеті азаймайды, «келін алдым, қолымды жылы суға маламын» деп арқаны кеңге салу да ерте. Келін келген отбасына толықтай сіңіп, сол үйдің бір адамына айналып кеткенше ененің аз ба, көп пе «тер төгуіне» тура келеді. Өйткені өзге үйдің адамын бауырыңа тартып, өз адамың ету үшін бір апта немесе бір ай емес, бірнеше айлар, тіпті жылдар қажет болуы мүмкін.
Келін келін болып именіп, алғаш табалдырық аттаған сәті қобалжуға, толқуға, алдағы өміріне деген үмітке толы сезімдерді бастан кешіреді. Сондай сәтте ене жанында болып, қолдау көрсетіп, келіннің «бөтен үйде» аз да болса өзін еркін сезінуіне, жайлылық орната білсе құба-құп.
Келін табалдырық аттағаннан кейінгі алғашқы сойылған малдың ұлтабарын жас келінге жегізетін ырымды мен бұрын естімеген екенмін. Өзім қаланың қызы болмасам да, малды ауылдың қызы емеспін.
Әкем де, шешем де мектепте ұстаздық етті, сол жерден зейнетке шыққан ұлағатты жандар. Балаларына жақсы тәрбие беріп, халқымыздың салт-дәстүрлерінен де хабардар етіп, құлағымызға құйып, бойымызға сіңіріп отырды. «Қазақы тәрбие көріп, дәстүрінің түп-тамырынан ажырамаған болсаң, көп жағдайда «көргенді елдің баласы» деген ризашылықты естіп, көптің алғысын аласың» деп үйретті.
weekend.bugin.kz
Ал мен келін болып ақ босағаны аттаған кезде енемнің де салт-дәстүрлерді берік ұстанған жан екендігіне қуандым.
Ол маған өте қамқор, өнегелі, үлгілі ене бола білді. Білмегенім болса үйретіп, шалалығым болса кешіріп, еш ернібей-жалықпай, маған ыждағаттылықпен барлығын үйретті. Енемнің осындай көңілін көргеннен кейін, мен де ол кісінің көңіліне қаяу салып, ренжіткім келмегендіктен, барымды салып, айтқандарын ұғып алуға тырысатынмын.
Келін болып түскен алғашқы күндері үйімізге «жас келіннің қолынан дәм татайық, шәй ішейік» деп келетін қонақтарға арнап қой сойылған болатын. Ішек-қарын тазалауды да алғаш рет сол кезде үйрендім. Енем маған сол кезде қойдың піскен ұлтабарын берген болатын.
Әр қонақтың өз сыбағасы болады ғой, жілікті де өз орнымен береді. Мысалы, «құда табақ» құдa-құдaғиғa тapтылaтын apнaйы тaбaқ. Oның кәдeлi мүшeлepi бac тaбaқпeн пapa-пap. Құдa тaбaқ кeй жepдe «қoc тaбaқ» дeп тe aтaлaды. Oлaй aтaлуынa ceбeп көпшiлiккe ұcынылaтын тaбaқпeн бipгe, құдa-құдaғиғa apнaлып қocымшa ұcынылaтындығы.
Қocтaбaқтың нeгiзгi кәдeлi мүшeci - тoқпaн жiлiк. Бұнымeн бipгe құдa тaбaққa бac, жaмбac, opтaн жiлiк, cүбe қaбыpғa, қaнaтты oмыpтқa, құйpық caлынaды. Ocындaй кәдeлi жiлiктepдeн тұpaтын тaбaққa қocымшa apнaйы туpaлғaн құйpық-бaуыp бөлeк тapтылaды. Мұның барлығын мен әжемнен үйренгенмін.
forum-eurasica.ruСол секілді келіннің сыбағасы шығар деп иіліп сәлем етіп, енемнің ұсынған ұлтабарын алып, сол жерде отырып шетінен ауыз тидім. Отырған қонақтар да «Ұл тап айналайын!», «Өсіп-өніңдер, осы әулеттің ұрпағын көбейт!» деген тілектерін айтып, баталарын беріп жатыр.
«Жаңбырмен жер, батамен ел көгереді» деген осы шығар, көптің батасы қабыл болып, ұлды да болдым, сол әулетке сыйлы келін де бола білдім. Әрине, енемнің де қосқан үлесі орасан зор. Сол кездегі енемнің тілегі, мен келін болған сәтте алғашқы сойылған қойдың ұлтабарын ырымдап бергенін де кейін білдім.
Егер сіз де ене атанып жатсаңыз, алғашқы немереңіздің ұл бала болғанын қаласаңыз, келініңізге ырымдап ұлтабар беріңіз.
НҰР Әлем,
Тағы да оқыңыз:
Шөберенің алақанынан МАЙ ЖАЛАҒАН қария ЖҰМАҚқа БАРАДЫ