ЖҮЙКЕНІ ЖҰҚАРТПАЙ қалай САҚТАУҒА болады

0
1 980

Шөптен дайындалған ванналар жүйке тамырларын қалыпқа келтіріп, иммунитетті көтереді.


ЖҮЙКЕНІ ЖҰҚАРТПАЙ қалай САҚТАУҒА болады


Жүйке жүйесінің тозуы барлық аурудың бастауы екені анық. Егер жүйке жүйелері қалыпты жұмыс істеп, адам өзін салмақты ұстайтын болса, ұзақ жасайтыны да белгілі. Қазіргі кезде жүйкесі жұқармаған адам аз. Кіммен әңгімелесе қалсаң да, миы тыныш емес екенін, "жүйкесінің тозғанын" айтып шағымданады.

Сіз де осы мәселе мазалап жүрсе, шөптен дайындалған ванналар қабылдаңыз. Біраз күнде саулығыңыздың артып, өз-өзіңізді жақсы сезінетін боласыз.

Шөптен дайындалған ванналар жүйке тамырларын қалыпқа келтіріп, иммунитетті көтереді. Ваннада жатқанда шашты да суға батырып, денені босаңсыту керек. Шамаңыз жетсе, басқа массаж жасап отырыңыз. Бұл сіздің толықтай босаңсуыңызға көмектеседі.

Ваннанны дайындау үшін сізге мынадай өсімдіктер қажет болады:

Жебіршөп, түймедақ, сүйелшөп, бақ-бақ, жұпаргүл, қырықбуын, лаванда, жаужапырақ, итошаған, қара қарақат жапырақтары, қалақай, ақ қайың жапырақтары, сасықшөп және тағы басқалары.


Сіз жай ғана демалғанды, жүйкеңіздің тынышталғанын қаласаңыз, мына ванналарды қабылдаңыз:

1-рецепт

  • 60 гр. жаужапырақ, 1 л су.
  • Жаужапырақты 1 литр суға салып 10 минут қайнатамыз. Сүзіп алып, ваннаға құямыз.


2-рецепт

Жусан, жөке, гүлшетен өсімдіктерінің араласпасынан 1 кг алып, оған 4 л су құямыз. 10 минуттай қайнатып, 20 минут тұндырып қою керек. Кейіннен тұнбаны сүзіп алып, ваннаға құйып, пайдалана беруге болады.


3-рецепт

100 гр. жұпаргүл шөбіне 3 л қайнаған су құйып, 1 сағат тұндырып қойыңыз. Сүзіп алып, ваннаға қолдана беруге болады. 20-30 минут тұндырып қою жеткілікті. Егер сіздің жүйкеңіз тым жұқарған болса, ванна қабылдау уақытын 40 минутқа дейін ұзартуыңыззға болады. Сонымен қатар, осындай ваннаны бірнеше рет қабылдауды ұсынамыз.


Ваннаны кімдерге қабыладуға болмайды?

Жүйкені тыныштандыратын мұндай ванналарды жүкті әйелдерге сақтықпен қабылдау керек. Себебі кейбір өсімдіктердің жатырдағы шарананың денсаулығына кері әсері тиюі мүмкін. Сондықтан да емді қабылдамас бұрын дәрігермен ақылдасып алған дұрыс.


Жүйке жүйесін тыныштандыратын шөп-шайлар


  1. Ұйқысыздықтан арылтып, жүйкені тынышталдыратын шөп-шайлар да бар. Ол үшін сізге календула өсімдігі көмекке келеді. 1 ас қасық календулаға 1 стақан қайнаған су құйыңыз. 1 сағат тұндырып, ұйықтардан бұрын жарты стақанысн ішесіз. Сонымен қатар, сасықшөпен де осындай шай дайындап ішуге болады. Оның да пайдасы көп. 15 гр. сасықшөпке 1 стақан қайнаған су құйып, 20 минут тұндыру керек. Сосын күніне 5-6 рет 1 ас қасықтан ішесіз.
  2. Шайқурайдан дайындалған шайдың да депрессияға қарсы әсері күшті. Бұл шаймен емдік курсты 4-6 аптаға дейін жалғастыруға болады. 2 ас қасық шайқурай шөбіне 1 стақан салқын су құйып, бетін жауып су ваннасында сыртынан қайнатамыз. 3 минут қайнатып, 30 минут тұндырып қоясыз. Тұнбаны сүзіп алып, жарты стақаннан күніне 3-4 рет ішіңіз.
  3. Шүйгіншөп пен долана тұнбаларын дәріханадан сатып алып, екеуін де бірдей көлемде қабылдайсыз. Мысалы долана тұнбасынан 20 тамшы құйсаңыз, шүйгіншөптен де 20 тамшы құйып, жарты стақан сумен араластырып, ұйқыға жатардан бұрын ішесіз. Таңертең өте сабырлы әрі көңілді күйде оянасыз.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Грек жаңғағының жапырағында да ем бар


Мына 4 дәрілік шөптің көмегімен тұмаудың алдын алуға болады