МЫНА 6 жаттығу іштегі майды оңай "ЕРІТЕДІ"

0
7 129

Іштегі майдан ертерек құтылғыңыз келсе...


МЫНА 6 жаттығу іштегі майды оңай

ото: econet.kz

Қыз-келіншектердің басым бөлігі іштегі артық маймен алысатыны жасырын емес. Қарындағы майды кетіру үшін нәзік жандылардың көбісі жаттығуды таңдайды. Алайда ішке арналған жаттығулардың бәрі бірдей нәтижелі бола бермейді. Біз бүгін мамандар ұсынған ең тиімді топ-8 жаттығуды ұсынамыз. Іштегі бұлшықеттерді шынықтыратын бұл жаттығулар ешқандай құрал-жабдықты қажет етпейді.

Мамандардың пікірінше, іштегі май көзге жаман көрініп қана қоймай, сонымен бірге ағзада бірнеше аурудың пайда болуына әсер етеді. Сондықтан артық майдан ертерек құтылуға тырысыңыз.


№1 Планка


Планка - денедегі салбыраған теріні жиырып, майларды жоғалтуға көмектесетін ең керемет жаттығулардың бірі. Планка кезіндегі қысымның әсерінен бөксе бұлшықеттері жиырылып, арқа омыртқасы түзуленеді. Сырт мүсініңіз тартымдылыққа ие бола бастайды. Сонымен қатар, күнделікті планкамен айналысып отырсаңыз, бөксе бұлшықеттерімен қоса, басқа да бұлшықеттер нығая түседі екен. Бар болғаны бір жаттығу арқылы, ешбір қимыл әрекет жасамай-ақ, осындай нәтижеге қол жеткізуге болады.


№2 Теріс планка


Фото: econet.kz



Мінсіз мүсіннің иесі атану үшін сіз қол, аяқ, жамбас, бел бұлшықеттерін шынықтырып, ішті тартуыңыз қажет. Осы әрекеттердің барлығын бір мезетте орындауға болатын жаттығу бар. Ол – теріс планка.
Еденге отырып, аяқты алға созасыз, қолды түзу ұстаңыз. Содан кейін жамбасты еденнен көтеріп аяқ пен денеңіздің арасының түзу болғанын бақылаңыз. Осы сәтте іш, бел және қол бұлшықеттері жұмыс жасай бастайды. Егер бұлшықеттеріңізде осы кезде діріл пайда болса қорықпаңыз. Себебі, олар қозғалысқа түсіп жатыр. Әрі бұлшықеттеріңіз бұрын-соңды жиі жаттықпаған болса дірілдеуі қалыпты. Осы қалыпта өзіңізді неғұрлым ұзағырақ ұстап тұрыңыз. Ал жаңадан бастаушыларға 20 секунд жеткілікті. Күнде жаттығу арқылы 1 минутқа дейін жеткізуіңізге болады. Бірер аптадан соң нәтижесін көре бастайсыз.



№3 "Көпір" жаттығуы



Фото: beyogi.com



Бұл жаттығу сізге оқушы кезден таныс болса керек. Себебі "көпір" жаттығуы мектепте денешынықтыру пәні бағдарламасына енгізілген. Мамандардың мақтауына ие болған жаттығуды кемшілігі жоқ. Ол арқа мен бел, бөксе мен жамбасықа өте пайдалы. Басты міндеті икемділікті арттыру болғанымен, іштегі майды тез "ерітетін" де қасиеті бар.

Еденге кілемше төсеп, шалқаңыздан жатыңыз. Аяқтарыңызды мүмкіндігінше бөксеге жақын етіп бүгіңіз. Қолды жерге тіреп, денені көтеріп "арка" сияқты қалыпта ұстаңыз. Осы қалыпта бірнеше секунд тұрып, қайта кілемшеге жатыңыз. Денеңізді босаңсытып, кейін жаттығуды қайталауға болады.


№4 "Қайық" жаттығуы

Фото: miryogi.com

Жаттығуды жасағанда біз құлап кетпеуге тырасамыз. Осылай денеміз тепе-теңдікті сақтауға жаттығады. Сонымен бірге, жаттығу іш бұлшықеттерін шынықтырады.

Бастапқы қалып: еденге отырып, терең тыныс алыңыз. Аяқты тік көтеріп, алға созасыз. Қолыңызды иық тұсына дейін көтересіз. Денені тік ұстау керек. Бөксе мен денені бірқалыпты бірнеше секунд ұстап тұруға талпыныңыз. Кейін қолыңызды түсіріп, бастапқы қалыпқа ораласыз.


№5 "Садақ" жаттығуы


Фото: milalink.ru


Садақ - йогадағы ең қиын қимылдың бірі. Дегенмен оның пайдасы шексіз. Омыртқаның иілгіштігін артырып, іштегі артық майды жояды.

Етпетінен жатып, аяқты көтересіз. Тізені бүгіп, қолыңызбен аяқтың ұшын мықтап ұстаңыз. Жаттығуды орындау барысынды бірқалыпты тыныс алған жөн. Қол мен арқаныңы бұлшықеттерін босаңсынытып, ал аяқ бұлшықеттерін ширатыңыз. Осы қалыпта барынша ұзақ тұруға тырысыңыз. Бастапқы кезде 20 секундан бастап, уақыт өте 1 минутқа дейін жеткізуге болады.


№6 Бір қырындап жасалатын планка


Фото: site-338294.mozfiles.com
Іштің қиғаш бұлшықеттеріне жақсы әсер ететін жаттығу - бір қырындап жасалатын планка.
Қолды жерге тіреп, аяғыңызды бір-бірінің үстіне қойыңыз. Дене бастан тобыққа дейін түзу болу керек. екінші қолыңызды жоғары көтеріңіз. Осы қалыпта 15-60 секунд тұрып, кейін келесі жағымен қайталаңыз.


Дереккөз: econet.kz

Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ЖАСЫҢЫЗҒА фитнестің ҚАНДАЙ түрі сай келетінін білесіз бе?


Аяқтың БІР НҮКТЕСІНЕ массаж жасап 100 ауруды емдеуге болады