10 баласы бар: Көкшетауда егде жастағы ерлі-зайыптыларды өлтіріп кеткен

0
812

Ер адам тұншықтырылып өлтірілген, ал әйелі пышақталған.


10 баласы бар: Көкшетауда егде жастағы ерлі-зайыптыларды өлтіріп кеткен

ERNUR.KZ. Көкшетауда көпқабатты үйлердің бірінен әйелі мен күйеуінің жансыз денесі табылды, деп жазады Nur.kz.

Көкшетауда атышулы кісі өлімі болды. Жедел жәрдем станциясына Есенберлин көшесіндегі көп пәтерлі үйден қоңырау түсті.


Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 30 сәуірде осы мекенжай бойынша қоңырау түскенін растады. Әуелде 59 жастағы әйелдің подъезде өзін нашар сезінгені хабарланған.

Қала маңындағы Красный Яр ауылының тұрғыны ата-анасын көріп қайтуға келген, алайда олардың жансыз денесін тауып, күйзеліске түскен.

Бригада келген кезде пәтерден екі ер адам мен зорлықпен өлтірілген әйелдің денесі табылды.

1937 жылы туған ер адам тұншықтырылып өлтірілген. Ал 1943 жылы туған әйелі пышақталған. Бастапқы нұсқа бойынша, оқиға 29 сәуірге қараған түні болуы мүмкін.