Бұл туралы Дина Таңсәрі Facebook-парақшасында жазды.
ERNUR.KZ. Павлодарда жасөспірімдер үйінің 16 жастағы тәрбиеленушісін топ болып зорлаған іске қатысты үшінші адам қамауға алынды, деп жазады Tengrinews.kz.
Бұл туралы Дина Таңсәрі Facebook-парақшасында жазды.
"Қамауға алу үшін зардап шеккен қыздың адвокатына бес ай қажет болды", - деп жазды қоғам белсендісі.
Павлодар облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі өкілі үшінші адам қамауға алынғаны туралы ақпаратты растаған.
"Бұл дерек бойынша үш күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы - қамауда ұстау таңдалды. Соталды тергеу жалғасып жатыр", - деді өңірдің ПД баспасөз қызметі өкілі.
Еске салайық, 16 жастағы қыз былтыр жазда 10 қабатты үй терезесінен секіріп кеткен болатын. Кәмелетке толмаған қыз ағаштарға құлап, аман қалды. Павлодарлық бұл қадамға үш жігіт зорлағаннан кейін барғаны белгілі болды. Олардың бірі әпкесінің сыныптасы болып шыққан. Олар қызды пәтерге алдап әкеліп зорлаған.