2000 алматылық коронавирус вакцинасының клиникалық сынағынан өтуге ниет білдірген

0
1 871

Сынақтың алғашқы екі күнінде 300 адам вакцина салдырды.


2000 алматылық коронавирус вакцинасының клиникалық сынағынан өтуге ниет білдірген

ERNUR.KZ. Алматыда екі медициналық ұйымның базасында QazCovid-in инактивацияланған вакцинаны сынақтан өткізудің III фазасы жүріп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматылық 2 мың ерікті вакцинациядан өтеді. Сынақтың алғашқы екі күнінде 300 адам вакцина салдырды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты отандық вакцинаның І және ІІ фазасын клиникалық сынақтан өткізгені белгілі.

Алдын ала жасалған шаралардың нәтижесі отандық вакцина қауіпсіздігінің, иммуногендігінің және тиімділігінің жоғары деңгейін көрсетті.

Сынақ сәтті аяқталған жағдайда Денсаулық сақтау министрлігінде тіркелген соң ерікті түрде жаппай вакциналау наурыз айына жоспарланған.

Елімізде жасалған вакцинаға үлкен үміт артылып отыр. Өйткені екпе жасау -инфекцияның жаппай таралуына қарсы бірден-бір тиімді әдіс.

Айта кетерлігі, Алматыда сыйымдылығы 200 мың орын болатын «Спутник V» антиковидті вакцинаны сақтайтын қойма дайын.

Препаратты ұзақ сақтау үшін нақты бір температуралық режимді ұстау - маңызды шарттың бірі.