Тиісті келісімге "Трансмұнай" делегациясының Қазақстанға жұмыс сапары аясында қол қойылды.
ERNUR.KZ. "Трансмұнай" жария акционерлік қоғамы делегациясының Қазақстанға жұмыс сапары барысында Қазақстан мұнайын Ресей аумағы арқылы транзиттеу туралы 2024 жылға арналған шартқа және "Трансмұнай" мен"ҚазТрансОйл" арасындағы ынтымақтастық туралы жаңартылған меморандумға қол қойылды, деп жазады sputnik.k
Сапар барысында сондай-ақ "Трансмұнай" президенті Николай Токарев пен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кездесті.
Ресейлік делегация "ҚазМұнайГаз" және "ҚазТрансОйл" компанияларының басшылығымен де келіссөздер жүргізді. Талқыланған мәселелердің қатарында Каспий құбыр консорциумы аясындағы ынтымақтастық пен технологиялық ынтымақтастықты дамыту жайы да сөз болды.
Трансмұнай – Ресей мемлекетінің бақылауындағы мұнай құбыры компаниясы. Магистральдық мұнай құбырлары мен мұнай өнімдері құбырларының операторы.