2025 жылы ең төменгі жалақы 85 мың теңге.
Фото: freepik.com
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тұрғын үй-жайларды жалға беретін тұлғалар олардың қызметі жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп немесе тіркелмей жүзеге асырылғанын анықтауы керегін айтты, деп жазады stan.kz.
Кәсіпкерлік кодекстің 35-бабының ( Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу) негізінде Жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде міндетті мемлекеттік тіркеуге мынадай шарттардың біріне жауап беретін жеке тұлғалар жатады:
- жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланады;
- жеке кәсіпкерліктен еліміздің салық заңнамасына сәйкес есептелген, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде жылдық табысы бар.
Жеке кәсіпкерлік (ЖК) тіркеусіз жұмыс істеу кезінде:
- жалдамалы жұмысшылар болмауы керек;
- табыс есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегіне дейін табыс ету мерзімімен 270.00 нысаны бойынша "Жеке тұлғаның кірістері мен мүлік туралы" декларацияда көрсетіледі, салық төлемі 25 қыркүйекке дейін;
- салық мөлшері – табыс сомасының 10%-ы.
Жеке кәсіпкерлікті тіркеу кезінде шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін үш арнайы салық режимінің бірін пайдалануға болады.
Фото: gov.kz
Барлық режимде әлеуметтік төлемдерді төлеу қажет. Олардың ең төменгі мөлшері:
- міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) – 1 ең төменгі жалақының 10%-ы;
- жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) – 1 ең төменгі жалақының 2,5%-ы;
- әлеуметтік аударымдар –1 ең төменгі жалақының 5%-ы;
- медициналық сақтандыруға жарналар (МСМС) – 1,4 ең төменгі жалақының 5%-ы.
- Барлығы 20 825 теңге.
2025 жылы ең төменгі жалақы 85 мың теңге.