2026 жылға қарай мектептегі орын тапшылығы 1 млн-нан асуы мүмкін

0
514

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы туралы айтып берді.


2026 жылға қарай мектептегі орын тапшылығы 1 млн-нан асуы мүмкін

ERNUR.KZ. Мәжілісте AMANAT партиясы фракциясы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мәселелеріне қатысты кеңейтілген жиналыс өткізіп жатыр, деп жазады baq.kz.

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы туралы айтып берді.

Ұлттық жобаның негізгі мақсаты – апатты мектептер, үшауысымды оқытуды жою және орын тапшылығын азайту.

Соңғы 10 жылдың ішінде оқушы саны млн-ға өсіп, бүгінгі күні 3,7 млн-ға жетіп отыр. Қазіргі күннің өзінде оқушы орнына тапшылық 270 мыңға жуық. Болжамдар бойынша, егер тиісті шара қабылданбаса, 2026 жылға қарай бұл көрсеткіш млн-нан асады. Осыған байланысты мектептерге үлкен жүктеме түсіп отыр, - деп айтты вице-министр Мәжілісте.

Еділ Оспан проблемаға әсер етіп тұрған негізгі факторларды атады. Олар: урбанизация, көші-қон, туу көрсеткіші, мектеп ғимараттарының бұзылуы және мегаполистердегі үйлердің тығыз салынуы.

Осы мәселелерді кешенді түрде шешу үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қабылданып отыр.

2026 жылға дейін қалаларда және перспективалық елді мекендерде заманауи талаптарға сай 800 мыңға жуық жаңа оқу орны пайдалануға беріледі, - деді Оқу-ағарту министрігінің өкілі.