25 жыл бойы іздеуде жүрген ресейлік әйел Қазақстанда ұсталды

0
650

Ұсталған азамат Челябі облысы бойынша Ресей Ішкі істер министрлігінің іздеуінде жүргені анықталды.


25 жыл бойы іздеуде жүрген ресейлік әйел Қазақстанда ұсталды

ERNUR.KZ. Қазақстанда 25 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей азаматы ұсталды, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл туралы Көліктегі полиция басқармасының бастығы Оңал Бекиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, 9-18 наурыз аралығында "Іздеу" және "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шаралары жүргізіледі. Жеті күн ішінде іздеуде жүрген 11 қылмыскер ұсталған, оның ішінде 10-ы ТМД елдерінің құқық қорғау органдары іздеуінде.

"10 наурызда Сәтбаев қаласында департаменттің Криминалдық полиция басқармасы мен "Қарағанды-Сортировочная" станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 56 жастағы Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Ол аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген және 25 жыл бойы тергеуден жасырынып келген", - деді Бекиев.

Ұсталған азамат Челябі облысы бойынша Ресей Ішкі істер министрлігінің іздеуінде жүргені анықталды. 1997 жылдан бері ол Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деген күдікпен ("Адам өлтіру") мемлекетаралық іздеуде болған. Оған қатысты экстрадиция мәселесі шешіліп жатыр.