Абай облысында мектеп шатырын дауыл жұлып кетті

0
831

Дауыл қазандық ғимаратының да шатырын қиратып, құбырын құлатқан


Абай облысында мектеп шатырын дауыл жұлып кетті

ERNUR.KZ. Абай облысы Бородулиха ауданы Песчанка ауылында қатты соққан дауыл мектеп шатырын жұлып кетті, деп жазады sputnik.kz.

Оқиға 11 тамызда болған.
"Қатты екпінді желдің салдарынан "Песчанка орта мектебі" КММ ғимаратының шатыры жұлынып кетті. Шатырдың төбесі төрт қабатты, ағаш тақтайшадан жасалған, жалпы ауданы 2898 м2", - дейді ведомство.

Дауыл қазандық ғимаратының да шатырын қиратқан. Сондай-ақ қазандықтың құбыры құлаған. Абырой болғанда құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.