Өз жарақатын ұмытып, өзгелерге көмектесіп кеткен.
ERNUR.KZ. Елордадағы қайғылы жол-көлік апатына күтпеген жерден жол-жөнекей тап болғандардың бірі қалалық жедел жәрдем станциясының қызметкері, фельдшер Қамар Сәтпағанбетова. Қамар отырған жедел жәрдем бригадасы жол апатына ұшырағанына қарамастан, яғни алған жарақаттарын ұмытып өздерінің негізгі міндеттеріне кірісіп кеткен, деп жазады elorda.info.
Қамар Сәтпағанбетова Ақмола облысының тумасы, Астанадан фельдшер мамандығын игеріп, 2013 жылдан бастап осы салада еңбек етіп келеді. Қамар Сарыарқа аудандық жедел жәрдем станциясында қызмет атқарады.
«Біз Қабанбай батыр көшесімен №2 ауруханасына пациент апарып, келе жатқанбыз. Бағдаршамның қызыл түсінде тұрғанымызда кенеттен артқы қатты соққы болып, басым көліктің алдыңғы терезіне ұрылды. Содан кейін аз уақытқа есімнен танып қалдым. Кейін көмекшім алғашқы медициналық жәрдем көрсетіп, өз өзіме келдім. Жан жағыма қарасам бізге автобус соққан біз өзіміздің алдымыздағы жеңіл көліктерге соққанбыз. Автобустан у-шу болып түсіп жатыр. Көп адамның жарақат алғанын байқадым, содан есімді жиып дереу жедел медициналық көмек көрсетуге кірісіп кеттім. Өз жарақатымды ұмытыпта кетіппін. Шынымды айтсам автобуста қансырап жерде жатқанда өзімнің жарақатып есіме де келмеді, себебі бұл менің мамандығым», - деді Қамар Сәтпағанбетова.
Фельдшер сол жердегі адамдардан қосымша бірнеше жедел жәрдем мен өрт сөндіру қызметін шақыруын сұраған.
«Жолаушылардың алған жарақаттарының деңгейі де әртүрлі болды. Жеңілден бастап ауыр жарақат алғандарға дейін. Біз басында 20 шақты адам бар шығар деп ойлағанбыз, кейін оданда көп болып шықты. Мен өз басым сол 20-ға жуық адамға көмегімді тигіздім. Сондай-ақ, жол бойы кетіп бара жатқан жеңіл көліктердегі кісілерде тоқтап келіп, өз көмектерін ұсынып жатырды», - дейді ол.
Өзінің жарақат алғанына қарамастан оқиға орында біршама өз міндетін атқарған. Кейін оның өзіне жедел жәрдемнің көмегі қажет болған. Сол сияқты ол өзінің көмекшісінің де зардап шеккенін айтып, өтті.
«Жәдел жәрдемдегі үшінші адам менің көмекшім болатын, ол аяғын жарақаттап алды. Олда сол жерде ешнәрсеге қарамастан өз жұмысына қарамастан өз жұмысына кірісіп кетті. Ол әріптесімде соңына дейін адамдарда көмек көрсетіп, содан соң теміржол ауруханасына апарып, аяғына гипс орнатып үйіне жіберілді», - деді ол.
Қазір Қамар №1 қалалық ауруханада жатыр, жағдай жақсы. Өзін қалыпты сезінеді, қажетті емін алып жатыр. Ауруханадан шыққан соң сүйікті жұмысыма қайта кірісуге дайынмын дейді.
Еске сала кетсек Нұр-Сұлтанда жантүршігерлік оқиға орын алып, үш бердей автобус бір-біріне соғысып, көше бойында қатар келе жатырған жеңіл автокөлік пен жедел жәрдем биргадасы көлігін де зақымдаған болатын.Салдарынан 30-ға жуық адам зардап шегіп, 2 адам қаза тапты, 29 адам ауруханаға жеткізілді.